02.03.2023
  212


Автор: Рамазан айы

Кешірім айы

Рамазанның айы бұл жаңаратын,
Жан дүниеңіз рухани тазаратын.
Кешірім ай сыйласын кешірімін,
Сауапты іс жаңаша қаралатын.

Аман болсын жақыныңыз қашанда,
Сіз жүріңіз күлім қағып баршаға.
Бейбітшілік мәңгі орнап елімде,
Жүріңіздер жан жадырап, ән сала.

Рамазан ай сұлтаны айлардың бұл,
Ұлық айға дұғалар қылайық бір.
Қабыл болып ниеттер, дұғаларың,
Сыйластықта тек аман жүрейік бір.





Пікір жазу