02.03.2023
  204


Автор: Рамазан айы

Рамазан айы мүбәрәк

Рамазанды асыға күтетін жан,
Ниет етіп намазын оқығандар.
Рамазанның айы болсын мүбәрәк,
Жаны жайсаң ақ адал мұсылмандар.

Рамазанда көрейік бар жақсыны,
Сыйластығы жарасқан пенделерді.
Бауырмалдық артатын мейрім айы,
Жарқыратып,  жайнатсын көңілдерді.

Рақым айы сыйласын рақымшылық,
Татуласып, сыйласып ренжіскендер.
Тыныштығын сыйласын Рамазан ай,
Шаттығымен тербелеп ай мен түндер.





Пікір жазу