02.03.2023
  118


Автор: 365 күн

3 наурызда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – Бүкіләлемдік жазушылар күні. Бұл мереке күнтізбеге 1986 желтоқсанда өткен халықаралық PEN-клубының бастамасымен енгізілді.

PEN клубы ("pen" ағылшын тілінен аударғанда "қалам" деген мағынаны білдереді. Бірақ аталған сөз үш сөздің бастапқы әрпінен құралған аббревиатура болып саналады: Poet – ақын, Essayist – очеркші, Novelist – жазушы) ХХ ғасырдың басында жазушы Кэтрин Скотт идеясымен Лондонда құралған.

Сонымен қатар бүгін – халықаралық балалар телевидениесі мен радиохабар тарату күні. БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) бастамасымен тойлана бастаған. Мерекенің мақсаты ересектерге телекөрермендердің тағы бір контенті – бүлшіндер мен балалар бар екенін еске салу. Аталған мереке наурыздың бірінші жексенбісінде аталып өтеді.

Бүгін – Жапонияда қыздар күні. Бұл күні жапон қыздар кимоно киіп, бір-біріне қонаққа барып, сыйлық алмасады. 

Сонымен бірге, бүгін Грузияда аналар күні аталып өтеді. Грузияның бірінші президенті Звиада Гамсахурдианың бастамасымен мекере тойлана бастаған. 1991 жылы Грузияның жоғарғы соты мейрамды заңдастырды.





Пікір жазу