28.02.2023
  417


Автор: Ораза

Қабыл болсын дұғаңыз

Қабыл болсын дұғаңыз,
Ауыз ашқан ағайын.
Таң сәресін ішіңіз,
Сыйлап таңың арайын.

Отыз күндік Ораза,
Жанымызды нұрлы етсін.
Отыз күндік ауызашар,
Әрбір күнді құнды етсін.

Қабыл болып ниеттер,
Көңіліңіз жай болсын.
Ауыз ашқан әр жанның,
Жан дүниесі бай болсын!





Пікір жазу