28.02.2023
549
Қабыл болсын ниетің
Қабыл болсын ниеттер,
Оразаның айында.
Соға түссін жүректер,
Салынбай еш уайымға.
Ауызашарда айтылар,
Қабыл болсын дұғалар.
Жаратқаным қолдасын,
Жойылып бар күнәлар.
Сыйластықтар жандансын,
Оразаның күнінде.
Ауызашарың қабыл боп,
Шаттық болсын үйіңде.