28.02.2023
  481


Автор: Ораза

Қабыл болсын ауызашар

Ауызашарда қабыл боп,
Оңды болсын ниеттер.
Оразаның күнінде,
Орындалсын тілектер

Бар жақсылық орналсын,
Ауызын ашар жамағат.
Кешіріліп күнәләр,
Берсін лайым Аллам бақ.

Рамазанның айында,
Соқсын ізгі жүректер.
Оразаның күнінде,
Қабыл болсын ниеттер.





Пікір жазу