28.02.2023
  175


Автор: Ораза

Қабыл болсын Оразаңыз ұстаған

Уа жамағат Рамазанның айында,
Қабыл болсын оразаңыз ұстаған.
Таңғы сәре ішіп ауыз бекітіп,
Ауызашарға жетіңіз тек сіз аман.

Ауызашарда қабыл болып ниеттер,
Соға берсін Алла деген жүректер.
Ауызашар берген үйде лайым,
Орындалсын ізгі ниет, тілектер.

Жаратқаным несібе ырыс сыйласын,
Ауызашарда қабыл болып дұғалар.
Оразаңыз қабыл болсын лайым,
Кешіріліп жасалған бар күнәлар.





Пікір жазу