meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  28.02.2023
  486


Автор: Ораза

Ауызашарға

Ал құрметті ораза ұстаған жан,
Қабыл болсын оразаңыз лайым
Қабыл болсын сәресіде дұғалар,
Жар боп сізге әрқашанда Құдайым.

Қабыл болып тілегіңіз ойлаған,
Оразаңыз жақсылыққа бастасын.
Ауызашарда ниетіңіз қабыл боп,
Жаратқаным әрқашанда растасын.

Аман болып отбасыңыз жамағат,
Оразадан оразаға жетіңіз.
Сәресіде аузыңызды бекітіп,
Амандықта ауызашарға жетіңіз!





Пікір жазу