meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  28.02.2023
  269


Автор: Ораза

Ниетіміз қабыл боп

Ниетіміз қабыл боп,
Оразаның айында.
Жан дүниеміз жандансын,
Салынбай еш уайымға.

Қабыл болсын дұғалар,
Оразада айтылар.
Бес парыздың бірі осы,
Сауапты іске бай қылар.

Ораза айы ұлық ай,
Сұлтаны ол айлардың.
Таза ниет,  дұғалар,
Түзу болсын ойларың...





Пікір жазу