meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  28.02.2023
  141


Автор: Ораза

Құтты болсын кеп жеткен

Ораза ашты есігін,
Құтты болсын кеп жеткен.
Ағайын,  туыс,  бауырлар,
Жаныңызды тербеткен.

Таң арайы нұрланып,
Шуақ болып тарасын.
Қабыл болып Ораза,
Көңілге  күй тарасын.

Жақынымыз аман боп,
Жаратқаным жар болсын.
Ниетіміз қабыл боп,
Сәтті атар таң болсын.





Пікір жазу