27.02.2023
  297


Автор: 365 күн

1 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1972 жылы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті құрылды;

1993 жылы Алматыдағы Космонавтар көшесіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді;

1995 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды;

1999 жылы "Отан" республикалық партиясы құрылды. 2006 жылы кезектен тыс X съезінде бірнеше партияның бірігуімен "Отан" партиясы "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партияға айналды;

1999 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Актюбинск қаласының атауы Ақтөбе болып өзгертілді;

2006 жылы Нұрсұлтан

Назарбаев "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында" атты Қазақстан халқына  жыл сайынғы жолдауын жасады.






Пікір жазу