28 ақпанда қандай қызықты оқиға болды
Бүгін – Халықаралық сирек кездесетін аурулар күні. Өкінішке қарай, адамзатқа сирек кездесетін аурулардың көп түрі таныс. Олардың кейбіріне бірлі-жарым адам ғана шалдығады, сондықтан ғалымдарға оны емдеу жолдарын іздеу қиынға соғып жатады. Әлемнің бір түкпірінде аз таралған ауру жер шарының екінші жартысында, керісінше, кең таралуы мүмкін. Олардың пайда болуының жиі айтылатын себептерінің – генетикалық, бірақ аурудың белгілері ерте жастан байқалмауы да ықтимал. Еуропа ұйымының бастамасымен жақында ғана аталып өте бастаған бұл күн қоғам мен зерттеушілердің назарын осындай проблемаларға аудартуды мақсат тұтады. Бәлкім, қаржы жағы жеткілікті болып жатса, ғалымдар дерттің дауасын тауып қалар.
Сондай-ақ, бүгін – қыстың соңғы күні. Әлемнің көптеген елі бұл күнді асыға күтетіні сөзсіз. Далада көктем лебі сезіліп, адамдардың көңілі көтеріліп, жүздерінде қуаныш байқалады. Көктемді сағына күткен кейбір жандар қыстың соңғы күнін сән-салтанатымен шығарып салады.
Сонымен қатар, бүгін шоколадты кекс-суфлені сүйіп жейтіндер күні. Суфле – спрейден кейін "қалыңдай" түсетін шаш секілді көлемі қатты ұлғаятын жалғыз тәтті. Ал дәмі тіл үйіретіні айтпасақ та белгілі. Суфлені тәтті ететін де – француз қайнатылған кремі. Тағамның атауы да француздың souffler сөзінен шыққан, тура мағынасында аударсақ, "томпаю" дегенді білдіреді.