27.02.2023
  468


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Қазақ қызға төр берген

Құрметтейтін, жандарға, жоқ таласым,
Қыңыр іске, рас теріс боп қаласың.
Қыз баланың орны жоқ төркінінде,
Дегендердің бәрі де оттамасын!


Қазақ қызға, төр берген кеше бүгін,
Асып көрмес ақымақ, көше гүлін.
Сауға берсе сұмаңдап алып алып,
Өз сәтінде жөн көрген өсек үнін.


Қыз тілегі, - бауырлар құлап қалмай,
Жүріңдерші болса да, сынақ қандай..
…Ал кейбірің жүрсіңдер қызға кет деп,
Көңілінсіз бауырдың шырақ бардай?


Құрметте деп адалың, кеңес құрар,
,,Тыныш келіп кетсін дер”, егес құмар.
Арамдығын көргенде, бәз біреудің,
Қыз індемес, тасжүрек емес шығар?!


Бере алмасаң, қызға төр, тіреп, демеп,
Қажет емес ақталып, күн өкпелеп.
Әділдікті орнату үшін үйге,
Жігіттерге үлкен бір жүрек керек!


Сүмелекті, көрінген күң етеді,
Ер күң болса, ел қалай күнелтеді?
Адам болшы, ер жігіт аман болшы,
Ал қыздарға, төркінсіз күн өтеді.





Пікір жазу