26.02.2023
266
Әке кеткен
Жылжиды сусып өмір сарынымен
От аламын ертеңнің жалынымен
Жаным деген ертеңгі жатым болып
Байғұс жүрек өрекпіп талды білем
Қатем де көп сеземін айна алдында
Жақыннан жылу емес қайғы алдым ба?
Күндіз тәтті көрінген келешегім
Түн баласы жұмбаққа айналдың ба?
Әкесі жоқ әкемін жолын білмес
Қате кетсем әкетай қолымды кес
Аян беріп түсімде жолықпасақ
Ары қарай жүруге әлім келмес
Жүрсе деуші ем жиын тойда жарқырап
Отырушы е(ді)к кітаптарды талқылап
Арғы өмірдің нәсіп етсін жұмағын
Бұлағы ақсын тау суындай қарқырап