26.02.2023
114
Сыр ақтарам
Сыр ақтарам жан дүнием сұрағасын
Кепілдік жоқ жігерімнің құламасын
Қайдан келген тапсырма айтыңдаршы
Кім айтты деп еркектер жыламасын
Жаныңды ұғынатын пенде болмай
Бар сырласым қаламым, өлең сорлы ай
Ақыл берер бір жақын жоқ болғасын
Құлазисың қападан жолың болмай
Бақытты адам болмасын сезер жүрек
Олда кеткен деуші едім, әкем білед
Ішімдегі барыммен бөліскім кеп
Өлең жазғым келіп жүр көлемдірек
Менсіңгісі келмейді өлеңімді
Жаза берем халқыма берерімді
Керегін ал қалғанын өртеп жібер
Көріп алдым тағдырдан көрерімді