23.02.2023
312
26 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1993 жылы "Қазақстан Республикасының мемлекеттің шекарасы туралы" заң күшіне енді;
1999 жылы ТМД құрамындағы елдер - Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан,Тәжікстан және Ресей Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы келісімге қол қойды;
2005 жылы Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевскийдің ескерткіш барельефін ашты;
2010 жылы Қазақстанда энергетика, электротехника және автоматтандырылған жүйелерге техникалық қызмет көрсету мамандарын даярлайтын қазақ-француз орталығы құрылды;
2014 жылы Қазақстан Республикасы Кирибати және Вануату мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.