22.02.2023
  550


Автор: Гүлсім Сатыбалды

О. адамдар!

 


О, адамдар!
Көңіліңнен бүгінде көшкен күн көп,
Бір-біріңе қайтесің өшпенді боп?
Сағат түгілі, сикунттың сәті жұмбақ,
Өкінбестей, өмір сүр, көшпен гүл боп!


О. адамдар!
Биіктігін өзгенің қызғанасың,
Өзің өссең ортаңа мұз боласың.
Таңда күліп, түсте от, кешке жылап,
Қайнатуға сорыңды, қызба басың.


О. адамдар!
Жүздеріңе салмашы кеш бейнесін,
Таза суға табиғат өспейме шын?!
Қолдан құрап жасаған уайымды,
Алла басқа, сап берсе не істейсің?


О. адамдар!
Әр пенденің өзіне басы қымбат,
Өзге үшін ойнама, жасырынбақ!
Өлсең, қайта келмейсің бұл фәниге,
Жүріңдерші өмірдің асылын ап!


#МенСіздердіЖақсыКөремАдамдар


 





Пікір жазу