24 ақпанда әлемде қандай қызықты оқиға болды:
Бүгін лотереяның туған күні аталып өтеді. "Лотерея" атауы француздың "hlot" – "жеребе" деген сөзінен шыққан, кейін ол ағылшын тіліндегі "lot" – "үлес" деген сөзге өзгерген. 1466 жылы 24 ақпан күні Еуропадағы алғашқы ұтыс ойын өтті. Оны Нидерланды суретшісі Ян Ван Эйктің жесірі Брюгге (Бельгия) қаласында ұйымдастырды. Лотерея оның күйеуінің қайтыс болғанына 25 жыл толуына орайластырылды.
Іс-шара табысының негізгі бөлігі қала кедейлеріне арналған қайырымдылыққа жұмсалып, аз ғана бөлігі құрылтайшының қолына тиді.
Ойын тарихындағы ең қомақты джек-пот 640 миллион доллар болды, ұтыс ойынды "Mega Millions" (АҚШ) компаниясы өткізді. Сондай-ақ америкалық Джоан Гинтер джек-пот ұтудан көзге түсті. Алдымен бақытты әйел 5,4 миллион доллар, одан кейін 2 миллион доллар, оның ізін ала 3 миллион доллар, соңғы рет 10 миллион доллар жеңіп алды.
Жыл сайын 24 ақпанда Мексика көшелері жасыл, ақ және қызыл түске толып қалады. Осы күні Мексика жұрты ел туының туған күнін тойлайды. Сондай-ақ 1821 жылы Испаниядан Тәуелсіздік алған күнін атап өтеді.
Ту мерекесін алғаш рет 1937 жылы сол кезде Мексика президенті болған генерал Ласаро Карденас бекітті. Ол алғаш болып туға адалдық антын қабылдады. Мерекеге келетін болсақ, жыл сайын алаңдарда адалдық анты оқылады, ал мұнда жиналған жергілікті тұрғындар туға құрмет көрсетеді.
Таиландта бүгін Ұлттық әртіс күні аталып өтеді. Ұлттық әртіс – бұл Таиланд Ұлттық мәдениет комитетінің офисі әдебиет, бейнелеу өнері, архитектура, дизайн, орындаушылық өнер (би, музыка, театр, кинематограф) және мәдениет пен өнердің басқа салаларында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген тай суретшілеріне жыл сайын беретін атақ.
Мереке 24 ақпанда тойланады, өйткені бұл күні Буддха Лоетла Нафалай дүниеге келген. Бұл монарх белгілі суретші және ақын болған. Ол ақындарға қамқорлық жасады, ал ол билеген кезең Таиланд тарихына "Әдебиеттің алтын ғасыры" ретінде кірді.