17.02.2023
  329


Автор: 365 күн

21 ақпанда қандай қызықты оқиғалар болды

Тіл – әлемдегі ұлттық құндылықты сақтаудың ең маңызды құралы. Сондықтан 2000 жылдың 21 ақпанынан бері әлемде Халықаралық ана тілі күні аталып өтеді. Бұл мереке алғаш рет 1999 жылы 17 қарашада ЮНЕСКО-ның бас конференциясында тойланды. БҰҰ-ның Бас ассамблеясында 2008 жыл ресми түрде Халықаралық ана тілі жылы болып жарияланды.

Сонымен қатар 21 ақпан - Дүниежүзілік экскурсия жетекшілері күні. Бірақ мереке бейресми болып саналады. Оның мақсаты – экскурсия жетекшісі мамандығының маңыздылығына билік пен туристік операторлардың назарын аудару, көрсетілетін қызметтің сапасын арттырып, білікті мамандарды дайындауға баса мән беру. Дүниежүзілік экскурсия жетекшілері күні алғаш рет 1990 жылы Лондонда пайда болды. Халықаралық экскурсия жетекшілері қауымдастығының президенті Т. Лоизидес бұл мерекенің әлемдік деңгейде аталып өтуіне ықпал етті. Осы бастамаға басқа елдер де қолдау білдірген.

Сондай-ақ, бүгін Бумерангтың ұшуын бақылау атты ерекше мереке тойланады. Бумеранг – лақтыруға арналған ағаш гүрзінің (байырғы кезде қолданылған ауыр шоқпар түрі) бір түрі. Ол Ежелгі Мысырда, Оңтүстік Үндістанда, Оңтүстік-Шығыс Азияда соғыс және аңшылық құралы ретінде пайдаланылған. Австралиялық жергілікті тайпалар бумерангты жиі қолданған. Бұл құрал имек пластина түрінде, асты тегіс, үсті дөңес болып жасалады. Атап өтсек, халық арасында "бумеранг қағидасы" деген түсінік бар. Бұл біреуге жақсылық жасасаң, шарапаты өзіңе келіп тиеді, ал, керісінше, жасаған қиянатың қайта айналып өзіңді табады дегенді білдіреді





Пікір жазу