16.02.2023
  530


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Бұл адамдар

Басшылар көп, бастарын ала алмаған,


Билікті күшімен басып алған.


Өздерін Құдай көрген бұл адамдар,


Өмірде ұзаққа бармайтындар.


Түсінбеген адамның көңіл-жайын


Өздері үшін барлығын талқылайтын.


Білімсіз дамыдыма бұл надандар,


Құдайды ұмыттыма? бұл жамандар.


Тағдыр өзі-ақ барлығын жайпап өтер,


Барлығымыз пендеміз қайттан-кетер,


Ұмытпасын адамдар байлық бекер.


 





Пікір жазу