14.02.2023
  851


Автор: Жібек Ысқақова

8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған өлеңдер жинағы

1) Сегізінші наурызда


Гүл көктеммен жарқырап,
Аналар да құлпырар.
Мерекемен құттықтап,
Жақындары ұмтылар.


Ана деген асыл жан,
Ойлап жүрер баласын.
Мерекеде әр бала,
Қуандырар анасын.


Сегізінші наурызда,
Құлпырады айнала.
Күн күлімдеп, жымиып,
Шуақ шашар жай ғана.


2) Мерекеде әжелер


Келді міне гүл көктем,
Шуақ шашып, күлімдеп.
Сегізінші наурыз бұл,
Қолда болар гүлің тек.


Мерекеде әжелер,
Әнге салар жайнаңдап.
Қыр гүліндей құлпырар,
Жанарлары ойнаңдап.


Наурыздың бұл сегізі,
Қуанышқа бастайды.
Күн күлімдеп, нұр шашып,
Қуанышты растайды.


3) Сегізінші наурыз мейрамы


Келді міне жарандар,
Шуақ шашып гүл көктем.
Сегізінші наурыз мейрамы,
Гүл көктемді нұрлы еткен.


Анасына гүл беріп,
Қуантар бар балалар
Жеңгелерге сый беріп,
Қуантар бар ағалар.


Қыз-келіншек жадырап,
Көңілдері жайланар.
Сый жасалса мейрамда,
Бақыттыға айналар.


4) Халықаралық мереке


Қыз-келіншек мейрамы,
Қыр гүліндей құлпырар.
Мерекеде жымыңдап,
Қосағына үн қылар.


Халықаралық мереке,
Сыйланар нәзік жандылар.
Гүл ашып гүл көктемдей,
Айналада сән құрар.


Қуанышпен тербелеп,
Шаттық сыйлар осы күн.
Құттықтау кеп жан-жақтан,
Бақыт сыйлар осы күн.


5) Көктем келді мінеки


Мерекесін арқалап,
Келді міне гүл көктем.
Айналаны құлпыртып,
Жанымызды гүлді еткен.


Сегізінші наурыз бұл,
Шуақ шашар мереке.
Әрбір үйге қуаныш,
Кіргізетін береке.


Гүлді бақ та құлпырар,
Бұлбұл құстар ән салып.
Келді мейрам дегендей,
Бар әлемге жар салып.


6) Қуанатын күн бүгін


Наурыздың бұл сегізі,
Қуанатын күн бүгін.
Құттықтаулар ағылып,
Жұбанатын күн бүгін.


Сыйлық жасап баласы,
Анасына беретін.
Жүрек жарды тілегін,
Мереке осы теретін.


Күйеулері әйелін,
Қуантатын күн осы.
Тосын сыйлар жасалып,
Жұбанатын күн осы


7) Халықаралық мереке келді міне


Сегізінші наурызда орын алар,
Халықаралық мереке келді міне.
Аналарын құттықтап балалары,
Жүздеріне нұр сыйлап келді міне.


Жеңгелерді құттықтап ағаларым,
Құттықтап жүр әйелін інілер де.
Мерекеде бақытты гүл жайнаған,
Әпкелер мен қарындас, сіңлілер де.


Мектептегі сабақ берер балаларға,
Апайлар да бақытты, гүлдері бар.
Мерекеде концерттік шара болған,
Шәкірттердің ғажайып үндері бар.


8) Мерекеде бүгінгі


Халықаралық әйелдер,
Мерекесі осы күн.
Сегізінші наурызда,
Шырқалады ән мен жыр.


Аналар мен әжелер,
Әпкелер мен сіңлілер.
Мерекеде құлпырар,
Жеңгелер мен келіндер


Жанарлары жанданып,
Бұлбұл құстар ән салып.
Құлпырар бар айнала,
Мерекеге қамданып.


9) Таң шапағын шашады


Наурыздың бұл сегізі,
Ұмытылмас мереке.
Сыйластықпен бірігер,
Ынтымақ пен береке


Таң шапағын шашады,
Күн күлімдеп көгімде.
Шаттық сыйлап мереке,
Еніп келер төріме.


Аналар мен әжелер,
Арулар мен гүл қыздар.
Хош иісті гүлдей боп,
Мерекеде құлпырар.


10) Ұмытылмас мереке


Ұмытылмас мереке,
Әр көктемде келетін.
Сегізінші наурыз бұл,
Көңілге нұр себетін.


Құлпырар нәзік жандылар,
Бүршік жарған көктемдей.
Құттықтар ер адамдар,
Көңілге нұр сепкендей.


Сегізінші наурызда,
Күн де шуақ шашар бұл.
Жақынына бар адам,
Құттықтаулар жасар бұл.





Пікір жазу