14.02.2023
  449


Автор: Жібек Ысқақова

8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған құттықтау тілектер жинағы

1) Құтты болсын мереке


Сегізінші наурыз мепеке,
Құтты болсын кеп жеткен.
Бар жақсысын арнасын,
Мерекелі гүл көктем.


Ақ жаулықты аналар,
Құтты болсын мерекең.
Еркелетер әжелер,
Арта берсін берекең.


Ару қыздар көрікті,
Жүзің күліп, жайнасын
Әпке-сіңілі, жеңгелер,
Басыңнан бақ таймасын!


Құрбы қыздар әдемі,
Қуана түс шаттана
Құтты болсын мереке,
Көңіл-күйлер жақсара.


2) Сегізінші наурыз мейрамың


Ақ жаулықты аналар,
Құтты болсын мерекең.
Сегізінші наурыз мейрамың,
Арта берсін берекең.


Әжелерім мейрімді,
Жүзіңнен нұр кетпесін.
Бар қуаныш, жақсылық,
Саған қарай беттесін!


Гүл жайнаған арулар,
Құтты болсын мейрамың.
Жаратқаным жар болсын,
Бойыңда боп иманың.


3) Мерекеде жайнаңыз


Сегізінші наурыз мереке,
Қуаныңыз шаттана.
Әрбір күннен, әр сәттен,
Таусылмайтын бақ таба.


Гүл көктемдей құлпырып,
Айналамыз гүлденсін.
Мерекеде бүгінгі,
Жан дүниеніңіз түрленсін!


Болмасыншы қайғы-мұң,
Бар жақсылық орнасын.
Халықаралық мереке,
Таба берсін жалғасын!


4) Халықаралық мереке


Құтты болсын аналарым ардақты,
Халықаралық сегізінші наурыз мереке.
Ару қыздар, әпке менен сіңілілер,
Арта берсін үйлеріңде береке.


Гүл көктемдей құлпырыңдар баршаңыз,
Саулықтарың мықты болып әрдайым.
Ортамызда жүріңіздер гүл жайнап,
Балбұл жанып жүздеріңіз, жоқ уайым!


Тек амандық сыйлай түссін әр көктем,
Сегізінші наурыз беріп қуаныш.
Аман болсын барша қазақ елі бұл,
Бір-бірінен қолдау алар, жұбаныш.


5) Арайлы таң күлімдеп


Келді мейрам мінеки,
Арайлы таң күлімдеп.
Құтты болсын мереке,
Сәтті болып күнің тек.


Ақ жаулықты аналар,
Ардақты әже, апалар!
Құтты болсын мейрамың,
Гүл мереке аталар.


Ару қыздар, жеңгелер,
Әпке-сіңілі дем берер.
Құтты болсын мерекең,
Гүлді бақтар тербелер.


6) Жадырай түс, жайнай түс


Нәзік жанды арулар,
Құтты болсын мерекең.
Шаттық ойнап жүзіңде,
Арта берсін берекең.


Сегізінші наурызда,
Жадырай түс, жайнай түс.
Нұрын сыйлап бұл көктем,
Бұлбұл құстай сайрай түс


Бақыт сыйлап әр көктем,
Қиындықтар болмасын!
Әр мереке сәтті боп,
Жаратқаным қолдасын!


7) Мерекеде бүгінгі


Халықаралық тойлайтын,
Мерекеде бүгінгі.
Жайнаңыздар аналар,
Ұсынамын гүлімді.


Аруларым әдемі,
Күлімдей түс шаттана.
Әпкелерім, сіңлілер,
Әрбір сәттен бақ таба.


Жеңгелерім, келіндер,
Жайнаңыздар, жарқырап.
Құрбыларым аман бол,
Ағын судай арқырап.


8) Көктем келді, мереке


Көктем келді, мереке,
Қуанышты күн бүгін.
Сегізінші наурыз бұл,
Ашты гүлдеп түндігін.


Құтты болсын мереке,
Аяулы ана, әжелер.
Жеңгелерім мейрімді,
Сіздерге кім тең келер?!


Әпкелерім, сіңілілер,
Жайнаңыздар құлпырып.
Әр мереке сыйласын,
Махаббатты жыр қылып.


9) Саулығыңды тілеймін


Сегізінші наурызда,
Құлпырар нәзік жандылар.
Құтты болсын мереке,
Бар әлемді таң қылар.


Ардақты анам, әжетай,
Саулығыңды тілеймін.
Әпке-сіңілі, жеңгелер,
Амандықта жүр деймін.


Апайларым қымбатты,
Көңіліңде мұң болмасын.
Құрбыларым аяулы,
Мейрам тапсын жалғасын!


10) Құтты болып мереке


Сегізінші наурыз ағайын,
Жайнаңыздар гүл жайнап.
Құтты болып мереке,
Жүріңіздер той тойлап.


Ардақты ана, әжелер,
Қарындастар, әпкелер.
Құтты болсын мерекең,
Жылдан-жылға жетелер.


Апаларым, жеңгелер,
Самал желдей тербелер.
Құтты болсын мейрамың,
Әр көктемде бір келер.


11) Бар бақытты тілеймін


Сегізінші наурызда,
Бар бақытты тілеймін.
Аналар мен әжелер,
Амандықта жүр деймін.


Әпкелер мен қарындас,
Жүзіңде мұң болмасын.
Жеңгелер мен құрбылар,
Жаратқаным қолдасын!


Бағын сыйлап мереке,
Құлпырыңдар көктемдей.
Шаттаныңдар, қуанып,
Бақыт нұрын сепкендей!


12) Шуағың боп тарайын


Еркелетер әжетай,
Құтты болсын мерекең.
Шуағың боп тарайын,
Болып әже берекең.


Әр көктемге жетіңіз,
Әжетайым сіз аман.
Мерекені тойлайық,
Сізбен бірге біз аман.


Ғұмырыңыз ұзақ боп,
Гүлдей жайнап жүріңіз.
Мерекеде жарқырап,
Ойнаңыз да, күліңіз!


13) Мерекеңмен анашым!


Сегізінші наурыз бұл,
Мерекеңмен анашым.
Алақанда аялар,
Қымбатты жан ең асыл.


Нұрын шашып гүл көктем,
Қуаныңыз шаттана.
Мерекеде жүріңіз,
Гүлдей жайнап, бақ таба.
Құттықтаулар алып сіз,
Көктемдей сіз жайнаңыз.
Саулығыңыз мықты боп,
Қуаныштан сайраңыз.


14) Мерекеңмен әпкетай!


Сегізінші наурыз бүгінгі,
Мерекеңмен әпкетай.
Құттықтайды өзіңді,
Сіңіліңіз еркетай.


Әр көктемде құлпырып,
Аман-есен жүріңіз.
Мерекеде жыл сайын,
Ойнаңыз да, күліңіз.


Тек қуаныш орналып,
Бақ-береке болсыншы.
Отбасыңыз, жанұя,
Берекеге толсыншы.


15) Құттықтайды ұлыңыз


Халықаралық мереке,
Кұтты болсын жан анам!
Құттықтайды ұлыңыз,
Бақытына балаған.


Бар жақсыны тілеймін,
Күліңіз деп әрдайым.
Ардақты анам, аяулы,
Жүріңізші жоқ уайым!


Күлім қағып жүзіңіз,
Бақ сыйласын мереке.
Шаттана түс лайым,
Артып үйде береке.


16) Мерекеңмен жан әпке!


Сегізінші наурыз бұл,
Әр көктемде келетін.
Мерекеңмен әпкешім,
Қуанышын беретін.


Құттықтайды мейраммен,
Туған інің жүректен.
Бақ тілейді бұл інің,
Жырмен әрлеп гүл еккен


Қуанышың көп болсын,
Денсаулығың мықты боп.
Әр мейрамды тойлай түс,
Көңіл-күйің күшті боп.


17) Мерекеңмен қарындас


Қарындасым бүгінгі,
Құтты болсын мерекең.
Арта берсін лайым,
Ынтымақ пен берекең.


Нұрын шашып әр көктем,
Жадырай түс, жайнай түс.
Қарындасым, еркетай,
Сәтті болсын әрбір іс.


Бақытты бол, күлімде,
Жарқырай түс күндей боп.
Әр жыл сайын көктемде,
Құлпыра түс гүлдей боп.



18) Мерекеңмен сіңілім


Сегізінші наурыз мерекең,
Кұтты болсын сіңілім.
Гүлдей жайна жыл сайын,
Ұзақ болып ғұмырың.


Әрбір көктем сыйласын,
Қуанышын, бақытын.
Әр күн сайын күлімде,
Сәтті өтіп уақытың.


Мақсатыңа жете түс,
Орындалып арманың.
Биіктей түс, өрлей түс,
Оңды болып таңдауың!


19) Мерекеңмен құрбыжан


Сегізінші наурыз бүгінгі,
Мерекеңмен құрбыжан!
Қуанышқа бөлесін,
Шуақ шашар әрбір таң.


Көңіліңде мұң болмай,
Жарқырай түс, жайнай түс.
Әр көктемің қуантып,
Мерекені жалғай түс.


Жүзіңді мұң шалмасын,
Жаратқаным жар болып.
Жанашыр жан құрбыжан,
Жүрші аман, бар болып!





Пікір жазу