13.02.2023
  827


Автор: Наурыз мейрамы

Құтты болсын Әз-Наурыз (жиенге)

Жиендерім, алтыным,
Сәтті болсын әр күнің.
Келді міне жаңа жыл,
Құтты болсын Наурызың.

Жаңа күнің бастасын,
Жақсылыққа лайым.
Наурыз дейді Жыл басы,
Жар болсыншы Құдайым.

Ұлыс оң боп, ақ мол боп,
Қиындықтар болмасын.
Жаратқаным жар болып,
Сендерді әркез қолдасын!





Пікір жазу