13.02.2023
  216


Автор: Наурыз мейрамы

Наурыз құтты болсын (сіңіліме)

Келді наурыз айналып,
Құтты болсын сіңілім.
Ұлыс оң боп әрдайым,
Ұзақ болсын ғұмырың.

Ақ мол болып қашанда,
Бақ-береке орнасын.
Жаңа жылы қазақтың,
Әр жыл сайын жалғансын.

Құлпыра бер сіңілім,
Наурызда сен жыл сайын.
Басыңнан бақ таймасын,
Жарқырап сен күн сайын.





Пікір жазу