13.02.2023
  160


Автор: Наурыз мейрамы

Ақ жаулықты Анашым

Құтты болсын кеп жеткен,
Жаңа жылың Анашым.
Қуанышын сыйласын,
Жаңа күнің Анашым.

Ұлыс оң боп, ақ мол боп,
Бақ-берекең көбейсін.
Жаратқаным жар болып,
Тынысыңыз кеңейсін!

Саулығыңыз мықты боп,
Әр Наурызға жетіңіз.
Ақ жаулықты Анашым,
Баянды өмір кешіңіз.





Пікір жазу