13.02.2023
  96


Автор: Наурыз мейрамы

Ән менен жыр жалғасып

Құтты болсын, Наурызым,
Ән менен жыр жалғасып.
Тату болсын барша адам,
Жақсылығын арнасып.

Күн менен түн теңесіп,
Қуандырсын жаңа жыл.
Наурыз думан тамаша,
Бақ сыйласын жаңа күн!

Әз-Наурызда кең далам,
Қуанышпен тербесін.
Ұлыс оң боп, ақ мол боп,
Бақ-жұлдызың сөнбесін!





Пікір жазу