13.02.2023
108
![](/uploads/shorttexts/author_image/28edcc274ff385fbad2233e056af0983-original-18146.jpg)
Жылылығын сыйласын
Жылылығын сыйласын,
Жаңа жылым, ұлы күн
Құтты болсын Наурызым,
Биік тұрар құны тым.
Аман болып қазағым,
Жүзінен нұр таймасын.
Жаңа жылда, жаңа күн,
Жадырасын, жайнасын.
Аман болып ел-жұртым,
Күн менен түн теңелсін.
Ұлыс оң боп, халайық,
Елім баққа кенелсін.