13.02.2023
199
Әр шаңырақ төрінде
Наурыз шаттық әкелсін,
Әр шаңырақ төріне!
Құт-береке әкелсін,
Кең байтақ Қазақ жеріне!
Ұлыс оң боп ағайын,
Күн менен түн теңессін!
Қазақ халқы тату боп,
Бір-бірімен кеңессін!
Басым болып адамдық,
Болмасыншы надандық
Жаңа күнім жарқырап,
Басылсыншы қадам нық.