13.02.2023
235
Жиырма екісі наурыздың
Жиырма екісі наурыздың,
Жаңа жылым келген күн.
Күн менен түн теңесіп,
Қуанышын берген күн
Жасыл желек көк майса,
Айналаны жапқан күн.
Жаңа жылы қазақтың,
Щуақты боп атқан күн.
Ұлан-асыр той жасап,
Көкпарға ат қосқан күн.
Салт-дәстүрі қазақтың,
Сағынышпен тосқан күн.
Жібек Искакова