13.02.2023
150
Наурыз келді, қараңыз
Наурыз келді, қараңыз,
Жақын болып арамыз
Ашты есік жаңа жыл,
Жаңаша боп санамыз.
Күн менен түн теңеліп,
Шаттыққа ел кенеліп.
Жарқырайды жандана,
Бар айнала көгеріп.
Қиқулайды дала қаз,
Ойнақтайды, бала мәз.
Көктем үні тербелеп,
Шырқалады сұлу саз.
Жібек Искакова