13.02.2023
  94


Автор: Наурыз мейрамы

Есік ашты Әз-Наурыз

Қараңыздар, ағайын,
Нұрлы етіп маңайын.
Есік ашты Әз-Наурыз,
Сыйлап таңның арайын.

Жасыл-желек жайнаңдап,
Бұлбұл құстар сайраңдап.
Жаңа жылым кеп қалды,
Қозы-лақтай ойнаңдап.

Күн менен түн теңесіп,
Ағайындар кеңесіп.
Наурыз тойын жасауда,
Самал болып жел есіп.





Пікір жазу