13.02.2023
  136


Автор: Наурыз мейрамы

Наурыз келді

Наурыз келді жаңа жыл қазағымның,
Хош келдің сен жаңа жыл, жаңа күнім.
Тереземді ашайын шуақ кірсін,
Сезінейін наурыздың ғажап үнін....

Қиқуласын құстарым қанат қағып,
Балапандар ұша берсін қанаттанып.
Наурыз келді ағайын, қараңыздар,
Жасыл желек көк майса парақталып.

Барлық әлем еліме құлақ түрсін,
Наурыз тойда жарқырап шуақ кірсін.
Хош келіпсің, Әз-Наурыз қайта айналып,
Жаңа күндей жарқырап, ұнап тұрсың!
Жібек Искакова





Пікір жазу