10.02.2023
  121


Автор: Тілек Ырысбек

Boketto (ぼけっと)- емес

Мен шегілген темекі тұқылын қолымда үнсіз үзақ ұстап тұрдым...
Сосын балалар алаңының шуылына көз салдым.
Тіліме байланған уақыт көлеңкеме айналды.
Елеусіз қалған сәбет орындығы,
Шаң басқан сынға айнаға шағылысып,
менің балалық шағымның ертегі екенін есіме түсіргісі келеді,
Кенет төбемдегі ұшаққа көз салдым...
жан-дәрменім қалмай айқай сап жүгіргім келді...
"Симуляция" деп әнтек күбірледім,
темекі түтіні көзімді ашытты ма?!
Бесінші қабатта балконда тұр екем...
Мені "жуңгоға" алып кеткенде ғой деп ойладым
Мүмкін ойламаған шығармын...
Je ne sais pas...
你知道的嗎?





Пікір жазу