10.02.2023
  134


Автор: Тілек Ырысбек

"landzhou" (兰州) кеспеханасындағы оқиға


Біз бүгін тозақ туралы кеспе жеп отырып әңгімелестік,
Қытайдың ашты кеспесі аузымызды ашытсада,
Біз жұмақ туралы да айтуды ұмытқан жоқпыз.
кенет қасымдағы ашты кеспеден мұрны терлеген
пейіштен үмітті,
намазхан жігіттердің қандай  бақытты екеннін көрдім де,
мен өзімді сол күні,
қатты аядым.
Қайран қытай кеспесі..





Пікір жазу