09.02.2023
  212


Автор: Еділбек Дүйсен

Түс. Ұмыту

Шеше,
қиранды үй ішінде
Көз жасың кері ағып,
Тоналып
ескі жиһаздар мен бағытын ұмытқан желге жүр екенсің деймін.

Алдыңнан ауру мысық шыға кеп,
Тұра кеп
мен сүймеген маңдайыңа жабыса кетіп, жібермейді екен деймін.

Есімде қалғаны...

Сынған терезе сыртында
Самайыңдағы көк тамырлардай
Найзағайдың жарқ еткені ғана.

Ішінен жабылған есік сыртында қалғаным ғана.
«Мен үшін келіп тұр» дегенің ғана.
Есімде қалғаны.





Пікір жазу