09.02.2023
  109


Автор: Еділбек Дүйсен

Ғажайып қала

Тауларым үнсіз, ақ иық,
Айрылмайтын сабырдан.
Далам жатыр далиып,
Шалғын-шапан, жамылған.

Үйлер көкке өрлеген,
Күнді сүйіп, нұрлана.
Бұрын соңды көрмеген,
Көз алдымда тұр қала:

Қалған бейне шаншылып,
Жираф-телемұнара.
Жаңалықты(алшы ұғып)
Таратады бұл ара.

Қанат жайып инелік,
Көк аспанда самғайды.
Қала үстіне тұр келіп,
Тікұшақтан аумайды.

Көк өзендей көшеде,
Өтіп жатқан бар бала.
Қызықтарға нешеме,
Қарасады таңдана.

Толғанады жаным да,
Жалауымдай көгілдір.
Бейбітшілік бағында,
Бүр жарады, өмір-гүл.

....Сәулетшілік-арманым,
Баурап түрлі алады ой.
Әттең, мынау салғаным ,
Қағаздағы қала ғой...





Пікір жазу