09.02.2023
124
Қос қалам — қос жанарым
Ұстап, елдің, алға атын,
Қанат жайып, самғайтын.
Айдындағы қос аққу -
Астанам мен Алматым.
Ей, Алматы, асқағым,
Таңырқатып тастадың.
Астанаға кигіздің,
Алтын тәж ғой, бастағың.
Сарыарқаның сауырын,
Мекен еткен бауырың.
Қос жанардың бірі еді,
Ортақ - отан, ауылың.
Жамандықты жасқаған,
Арманға жол бастаған.
Алып батыр сияқты,
Көк тіреген Астанам.
Қарашығым - қос қалам,
Дұшпанға да, досқа да ән.
Қазақстан дейтұғын,
Екеуіңді қосты анаң.
Аймалайды азат күн,
Қалаларым ғажап тым.
Алматы мен Астана -
Қос жанары Қазақтың!