09.02.2023
  118


Автор: Жабал Ерғалиев

ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛҚЫНА СЕНГЕНІ БҰЛ!

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Үндеуі арқылы мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу туралы енгізген ұсынысы осы бір ойларға жетелейді.


Көне тарихтың ежелден бері келе жатқан бір ақиқатына сүйенер болсақ, әрдайым өзінің қасиетті елі мен киелі халқының және жалпы адамзаттың мүддесі үшін адал қызмет еткен әмірші мен билеушінің ғана есімдері мен істері ұмытылмай ғасырдан ғасырға көшіп, ұрпақтан ұрпаққа аңыз болып ауысып отырары бар. Әріге бармай-ақ, қазақелініңтәуелсіздігініңжиырмажылғыкезеңіндегіқилы-қилыоқиғалардытізбелеп ойға алар болсақ, кешегі кеңестік жүйенің ыдырауына байланысты «Енді не істейміз, ендігі күніміз не болар екен?» деп абдырап қалған халықтың бірі едік біз. Мәскеудің айдағанына жүріп, айтқанына көніп, былайша айтқанда «инструкциямен» ғана қимылдап, жұмыс істеп үйренген дағды бойынша көшіміздің көлігін қай жаққа, қай арнағабұрарымыздыбілеалмайдалболыпотырыпқалғанжағдайымыздыда,өзіміздің тәуелсіздігімізді жариялағанымызбен,    өз бетімізше ел болып, мемлекет болып кетерімізге әуелі өзіміз сене алмай, жалтаңдап күй кешкен күнімізді де ұмытқан жоқпыз.


Міне, осы бір ой мен істің дағдарысты шағында қазақ тарихының сахнасына сол қазақтыңбірперзентіНұрсұлтанӘбішұлыНазарбаевшығып,«Туғанелім,екітізгін,бір шылбырды қолыма берген екенсіздер, сеніңіздер маған!», – деген өр дауысымен үн қатты. Міне, сонан бері қазақ елінің тәуелсіздігінің бар тағдырын, соның бар ауыртпашылығыменұлыжауапкершілігінөзмойнынаалабілгенНұрсұлтанӘбішұлы Назарбаевөзхалқыныңкөңіліненшығыпкеледі.Тіпті,көңілденшықтыдеудіңөзіаздау болар, Елбасы өз елімен, өз халқының жағдайын ойлауға келгенде ешкімнің ойына келмеген, ойына келсе де, бастауға да, атқаруға да батылдығы мен ерік-жігері жете бермейтіністердібастапкеткендігінқайтерсіз!


Аз жылдың ауқымында-ақ түрлі әлемдік қауымдастықтың дәл ортасынан ойып тұрып орын ала білген Қазақстанның әлемдік аренадағы бүгінгі абыройы мен бүгінгі беделін бір ғана адамның, ол – Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен ғана байланыстырарымызтағыдаақиқат. Жарылыстанкөзашпағанқазақдаласыныңсоры менжаназабыболыпкелгенСемейатомполигонынжабуарқылыЕлбасыадамзаттың да әлемдік мүддесіне адал екендігін сол айдай әлемге мәлімдеген еді. Сарыарқаның төсінеАлатаудыңбөктеріненеластанасынкөшірудіңөзінЕлбасыныңкөрегендігіжәне көзсіз батырлығы деп санағанымыз абзал. Әйтпесе, тоқсаныншы жылдардың тоқырауынан әлі де шыға алмай, жұмыссыздық белең алып, әркім тапқан айлығын, қарттар зейнетақысын уақытында ала алмай жүрген сол бір өліара тұста жаңа Қазақстанның жаңа Астанасын салуға кірісуге Назарбаевтан басқа өзге ешкімнің де батылыжетпеседі.МұныАстананыАқмолағакөшірукезіндеболғантүрлікөзқарастар ментүрліой-пікірлердәлелдейтүседі.


Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінен бастап Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің туған халқын кесек сөйлеуге, ірі істер атқаруға жетелеп келеді. Кешегі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Саммитінің өткізілуі және Астана Декларациясының қабылдануы әлемдік тарих беттеріне алтын әріптермен жазылатын елеулі әрі айтулы оқиғалардың бірі. Ақиқатын айтар болсақ, Астана Саммитін өткізу арқылы тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетті елдерімен иығы теңесті, абыройы аспандап, тағы бір биіктерге көтерілдік. Кеңестік жүйеде бір болған мемлекеттерді, одан қалды Орта Азияны қойып, барлық түркі әлемінде тұңғыш рет Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалықжасауы бұл ең әуелі әлеммойындайбілгенбіздіңҰлтКөшбасшымыз НұрсұлтанНазарбаевтыңақылымен ойының, кемел кемеңгерлігінің және дүние жүзілік оқиғаларға байланысты ой айта алар,ширыққанмәселелердіебіменшешебілербіліктісаясаткерлігініңабыройы.


Күні кеше Астана қаласында ашылған жетінші қысқы Азия ойындарының салтанатты шеруі тағы да Қазақстанның, оның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың даналығы мен даралығын, кезінде «Елім-айлап» өз жерінен тұрақ таппай, шапқыншылыққа ұшырап, жөңкіле көшкен, онан кейін ашаршылық пен небір замана нәубеттерінің зардабын тартып, сүйегі ақ жаңқа болып шашылып қалған, жан сақтау үшінәлемніңтөртбұрышынатарыдайшашырапкеткенменіңұлтымда,меніңхалқым да енді тезірек есейсе екен, тезірек әлемдік өркениетке барып қосылса екен, өзге жұртпенқатартұрып,теңсөйлесіп,еркінжүрсеекендепойыныңқармағынәрігесалған Елбасы өз елінің бүгінгі ұлдары мен қыздарын, біздің бәрімізді қыран болса екен деп соғанбаулып,тұлпарболса екендепжаратыпжатқандығынұғынабілейік.Егербізәлі де жас мемлекетпіз деп бүгінгі өркениеттің жалынына жармаспасақ, келешекке көз тікпесек,болашаққаұмтылмасақ,ойымыздатоқырап,ісімізденберекекетіп,бүгінгідей биікке шыға алмас та едік, уақыттың өзімізге тартқан сый-сыбағасынан да құралақан қалыптақоймаспаедік?!.


«Біз осылайша аз жылда абырой артқан айбынды елге, қуатты ұлтқа айналдық, осының бәрі жұртымызды жаһандық ауқымда ойлауға баулу мақсатындажасалуда»,– деп Елбасы өзінің биылғы Жолдауында анық әрі нақты айтып отыр. Рас, біз айбынды елге,қуаттыұлтқаайналдық! Ең әуелі Елбасы бастап, өзіқолға алған айбындыістерді жүзеге асыру арқылы айбынды ел бола алдық. Сол арқылы өзіміз де ой мен тәжірибе жинақтап, қуатты ұлтқа айнала білдік. Бұл біздің Ұлт Көшбасшысының шынайы көшбасшылыққасиетініңарқасыекенінайтқандапарыз.


Туған халқы Елбасына әрдайым сеніп келгендігі хақ. Сол сенім арқылы барлық қазақстандықтар «Біз қуатты Қазақстан үшін Елбасымен біргеміз!» атты ұран көтеріп, Президенттің өкілеттілігін2020жылғадейінұзарту бастамасын көтеріп,өздерінің адал ниеттері мен шынайы көңілдерін айтқан болатын. Әрине, барлық қазақстандықтар референдум өткізуді қолдаймыз деу арқылы өз Елбасына әрдайым сенгендіктерін әлі де сенетіндіктерін қуаттаған еді. Бұл сенім Елбасының өзін де толғандырғаны анық. Күні кешегі Үндеуінде: «Мен үшін өз халқымның қалтқысыз қолдауынан артық биік баға болмайды», – деп айтуы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өз халқына деген тағыдабірадалкөңіліменқалтқысызсыйыменқұрметінайғақтайды.


Елбасының референдум өткізуден бас тартып, Президент сайлауын өткізу туралы ұсыныс енгіземін деуі Ұлт Көшбасшысының шынайы демократтық қасиетін тағы да танытты. Бәрінен де, кез-келген мүддеден бұрын Конституцияның биік тұратындығын Елбасы осы шешімімен тағы да бір айғақтап, көрсетіп беріп отыр. Ал, енді осы Үндеуден біз Елбасының өз халқына қалтқысыз сенетіндігін аңғардық.


 


Шынын айтқанда Президенттің өкілеттілігін ұзарту үшін референдум өткен жағдайда да,енді Президент сайлауыөткізілседе,соныңбәріндедеқазақстандықтар Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдап,                   тағы да сенім білдіретіндіктеріне өз басым кәміл сенімдімін.Елбасыөзхалқынасенсе,туғанхалқыда Елбасына сенеді!Ажырамасосы бір қос ұғым – Сенім арқылы біз өзіміздің бүгініміз бен болашағымызды Елбасымен байланыстырарымыз                                                                                             анық. Назарбаевы бар Қазақстан сеніммен тұрақты дамитын ел! Назарбаевы бар қоғам алаңсызөмірсүретінқоғам!


 


 


(Ақмола облыстық «Арқа ажары» газеті, 3 ақпан 2011 жыл, «Егемен Қазақстан» газеті, 2 ақпан 2011 жыл).





Пікір жазу