08.02.2023
  156


Автор: 8 наурыз

Мерекеңмен әпкетай!

Сегізінші наурыз бүгінгі,
Мерекеңмен әпкетай.
Құттықтайды өзіңді,
Сіңіліңіз еркетай.

Әр көктемде құлпырып,
Аман-есен жүріңіз.
Мерекеде жыл сайын,
Ойнаңыз да, күліңіз.

Тек қуаныш орналып,
Бақ-береке болсыншы.
Отбасыңыз, жанұя,
Берекеге толсыншы.





Пікір жазу