08.02.2023
  127


Автор: Аңсар Бақытжанов

Сен

Жүрек шіркін сіркірейді, тербеледі


Сені көрсем ішім жанып өртенеді


Өртенуге ішім таяп қалған кезде, 


Сенің буың сол өртімді өшіреді. 


 


Сен жалғызсың, мен жалғызбын жалғанда,


Барлық жалғыз қосылмайма әр маңда,


Тағдыр жазып, екі жалғыз қосылса,


Жалғыздық жоғалады ғаламда.


 


Сенсің таңым, Сенсің жаным,


Өзіңсің өмірімнің алтын дәні,


Сенсің маңым, Сенсің жарым,


Өзіңсің өмірімнің жарқын таңы.


 


Сен дегенде тағат жоқ,


Сен дегенде сағат көп,


Сен деп қоям сен өзің,


 Танисыңба жаны жоқ?! 


 


Сен дегенде шабыт жоқ қарағым-ау,


Сенің сұлу бейнеңе қарадым-ау,


Сен дегенде жүрегім толықсыды,


Нестеймін басқалардың жанарын-ау?!


Аңсар Бақытжанов 


 





Пікір жазу