08.02.2023
266
ЖАҒАЛАУДА
Келіп кетті бұл өңірге сан көктем,
сан көктемде сансыз құстар әндеткен.
Іңкәр жүрек иіріміне батырып,
Бір махабат билеп еді жанды өктем.
Таң шапағын кірпік етіп жебедей,
көгершінім сен де ерте келе ғой.
мамыр желі бұрымыңды толқытқан,
сезім құйсын жүрегіме телегей.
Алтын жиек аспаныммен тілдесіп,
қос ғашықтай жатсын мүлде үндесіп.
көл бетінде көлеңкеміз қауышып,
жағалауда жүрейікші күн кешіп.