Ауыл таңы
АУДАРҒАН: АЙНАШ ҚАСЫМ
Ауыл таңы
өмір
сүттен басталады
Үзіліс
ауыл мұғалімі
сиыр саууға бара жатыр
Таулы ауыл
бірінші жұлдыз
таяқ тастам жерде
Қышлақтағы кеш
көршінің естелігін
жүзінші рет тыңдаймын
Колхоз таңы
дипломдарымыздың түсімен
мақтанамыз
Шығыс базары
сатушының үні
хош иісті
Шебер іс
палаудың күріші
бір-біріне жабыспайды
Ауыл дүкені
қарыз дәптері
қалыңдап барады
Суық түн
туған қалам
мені бөтенге балайды
Үйге жол
жыл өткен сайын
қысқарақ
Менің отаным
барлық жол
беймәлімділікке бастайды
Елімнің сарқыты
артық салмақты
қуана төлеймін
Үйді сағынып
көшеден
көше кеземін
Анамның қобдишасы
менің сүт тісім
махаббатпен сақтаулы
Шиенің гүлдеуі
анамның үнінде
мейірімнің барлық түрі
Жат ел
менің ноутбугімде
тәжік уақыты
Сәлемдемені ашамын
бөлменің ішінде
отанымның иісі
Әлем картасы
осымен нешінші рет
өз шешімімді өзгертемін
Жатжерлік
өз елінде де
жатжерлік
Жаңа отан
картопты
қалай жақсы көрмеске?
Менің азаматтық ұжданым
25 жыл
терең ұйқыда
Гастербайтерлер
маусымнан тыс
жыл құстары
Босқындардың
бәріне
ортақ оқиға тән
Босқындар қосыны
бір мескейде
шошқа мен сиыр етін пісіреді
Болашаққа жоспар
әрбір нүктеден
көп нүкте көремін
Жүкті әйел
жер шарын
сүйемін
Оның іші –
толған ай
екеуін бірдей сипаймын
Баланың суреті
ірі әріппен
"Махаббатпен жасалған"
Ұлымның күні
Фейсбуктегі суретімді
ауыстырамын
Зергерлік өнім
25 жылдық некеден кейін
тұңғышым
Баланың дүниеге келуімен
періштелердің тілін
үйренемін
Baby boom
жаңа жұлдызға
атау беру қиын
Жұма намазы
көрші
бөтен аяқ киіммен оралды
Мешіттің ауласы
намыздың аяқталуын
тіленші күтіп тұр
Жұма
барлық кебіс
Қағбаға қарай бұрылған
Атамның таспиығы
ішімнен
Алланың есімдерін атаймын
Түнгі Берлин
кезбе
қол шаммен кітап оқиды
Вена вальсі
серік қызды
жарнамадан іздеймін
Жауапсыз хаттар
ойымдағы болжамдардың жанында
Голливуд далада қалады
Үндемеудің михнатын
балықтар
біледі