06.02.2023
  499


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Сені ойлап

Ойларымды оңаша тыным еткем,


Сол кеште мен сені ұзақ күткем.


Жолыңа қарай салып тұра берем


Сен бірақта келмедің сезім берген,


Үміт сөнген,жанарда шуақ сөнген


Мен сені ойладым сезімменен,


Қанша адам сөнді екен күйікпенен


Жүрегің барма? сенде мені сезген.


Ойлап сені мына өмірдің мәні кеткен


Жүрегің қатып қалған таспа неткен ,


Сені ойлап түнгі үйқым қиып кеткен


Сені ойлап менің мына сыйым кеткен.


Сені ойлап басымдағы бағым кеткен


Сені ойлап мына әлемді сатып кеткем.





Пікір жазу