Сыйластық
Сыйластық керек,бұл өмірде ауыр мына,
Бір біріңмен сыйласпау ол - ауыр күнә,
Сыйластыққа қарамайды десең егер,
Ойлап қара, ойлап қара жаным онда.
Жаратқанның айтқан сөзі "жұп қылдық"
Оған неге қарсы болдық мына біз,
Жаратқанды тыңдамайтын кім болдық,
Кайта оған баратын да мына біз...
Сыйласып жүр мына бес күн жалғанда,
Сыйласа алмай, жүрек тас боп қалғанба,
Менменсініп сыйластықты ұмытсаң,
Менде ұмытсам жаным енді таңғалма!
Өш болсаңда жаным маған сен бүгін,
Кеш кылсаңда үш жүз алпыс бес күнді,
Сыйластықты ұмытсаңда сен күнім,
Сәлеміңді қылып қара сен түзу.
Жүрегіңе сызат түссе маған айт,
Сыйластықты ұмытқаның жарамайт,
Сені біреу сүйіп, сыйлап жүргенмен,
5 күндегі көңіліңе қарамайт.
Сыйласып жүр,
Сүймесең де, білсең де,
Жымиып қарап, өтірік күліп жүрсең де,
Досың болсын, жауың болсын бұл күні,
Сыйла бәрін,
Үш жүз алпыс бес күнде.
Аңсар Бақытжанов