05.02.2023
  552


Автор: Насыреддин Қожырбайұлы

Ауылға асығамын

Ауылға қарай асығам,
Өрекпіп жүрек тасыған.
Өз үйім өлең төсегім,
Өзіңе ғана бас ұрам.

Шет жақта жүрсем сағынам,
Сезімнің гүлін тағынам.
Уылжып жүрек іздейді,
Өзіңе ғана бағынам.

Сағынам туған жерімді,
Сар далам, айқай желімді.
Сағынам көрші көлемді,
Балдарым, немерелерімді.

Ит үріп сыйыр мөңіреп,
У-шуға толар төңірек.
Өткенбір күндер елес боп,
Есіме түсші көбірек.





Комментарии

Бексейіт
Бексейіт 06.02.2023 19:20
Жақсы

Пікір жазу