1 Наурыз – Алғыс айту күніне құттықтау тілектер жинағы
1) Жаратқанға мың алғыс!
Амандығын сыйлаған,
Жаратқанға мың алғыс!
Қандай жағдай болмасын,
Болар бізге қорғаныш!
Ұйқымыздан оятып,
Нұрлы таңды атырдың.
Рахмет саған, Аллахым,
Көңілге күй шақырдың!
Отбасыны аман қып,
Қолдап жүрер бір өзің.
Шүкір Алла, мың алғыс,
Деп айтылар әр сөзім!
2) Рахмет саған туған жер
Рахмет саған туған жер,
Сенде туып, өстім мен.
Жазиралы мекенім,
Топырағыңды кештім мен.
Рахмет саған туған ел,
Ықыласыңды сезіндім.
Тыныш болсын еліміз,
Шарлап елді сезімім.
Рахмет саған Отаным,
Қазағымдай ел қайда?
Рахмет тілім, киелім,
Сен болмасаң не пайда?!
Мың алғыс елім, Отаным,
Жандана бер, жайнай бер!
Гүл жайнаған бағымда,
Бұлбұл құсым сайрай бер!
3) Рахмет саған, Рәміздер!
Қазақтықтың бейнесі,
Рахмет саған Елтаңбам!
Әнұраным мың алғыс,
Бар әлемде шырқалған!
Рахмет саған, Көк туым,
Желбірей түс байрағым!
Көк аспанмен теңесіп,
Берік болсын байламың!
Елдің атын ұқтырар,
Рахмет саған, Рәміздер!
Елтаңбам, Ту, Әнұран,
Мың алғыс саған, Рәміздер!
4) Рахмет туған-туыстар
Рахмет туған-туыстар,
Алғысымыз көп біздің.
Ағайындар аман бол,
Жалғасып бұл текті ізің.
Құтты болсын бауырлар,
Алғыс айту күні бұл.
Бауырларым мың алғыс,
Сендерге айтар жырым бұл.
Рахмет, саған рахмет,
Туған-туыс, ағайын.
Бірінші наурыз мереке,
Жайнай түссін маңайың!
Алғысым көп сіздерге,
Шуағың боп тарайын.
Әрбір көктем сыйласын,
Нұрлы таңның арайын!
5) Рахмет сізге, аташым!
Алғыс айту күнінде,
Айтам сізге рахмет.
Рахмет сізге аташым,
Алғысымды қабыл ет.
Отбасыға бас болып,
Бата беріп жүресіз.
Рахмет сізге аташым,
Бар жақсыны білесіз.
Саулығыңыз мықты боп,
Ортамызда жүріңіз.
Немерелер, шөбере,
Қызықтарын көріңіз.
Әр көктемнің көріңіз,
Алғыс айту күнін бұл.
Қуанышта, шаттықта,
Өтсінші ата күнің бұл.
6) Рахмет сізге, әжетай
Асыл әжем, ардақтым,
Құтты болсын мереке.
Алғыс айту күнінде,
Тілеймін бақ-береке.
Қуандырсын әр көктем,
Шуағымен тербелеп.
Рахмет әже, әжетай,
Жүрейік сізге еркелеп.
Тілегіміз әжетай,
Орындалсын сұраған.
Сізге айтар алғыс көп,
Ортамызда жүр аман.
7) Асқар тауым әкешім
Асқар тауым, әкешім,
Өсірдің бізді жетелеп.
Алғысымыз көп біздің,
Айтар сізге еркелеп.
Рахмет әке, әкетай,
Мықты болсын саулығың.
Қарсы алсын қашанда,
Шуақ шаша таң нұрың.
Әр көктемде біз сізге,
Рахмет, алғыс айтайық.
Сіз болсаңыз аман боп,
Жүріңізші марқайып.
8) Рахмет жан анашым
Әкелген жарық дүниеге,
Рахмет сізге, Анашым!
Өсірдің бізді әлпештеп,
Мың алғыс сізге Анашым!
Саулығыңыз мықты боп,
Күлімдей түс, Анашым!
Еркелетіп біздерді,
Күнім дей түс, Анашым!
Алғысымыз көп біздің,
Алақанда өсірдің.
Рахмет жан Анашым,
Қатемізді кешірдің!
9) Рахмет сізге ағатай
Біздерді ойлап жүресің,
Рахмет сізге ағатай.
Алғыс айтам өзіңе,
Шын жүректен ағатай!
Күліп-ойнап, жадырап,
Ортамызда жүрші аман.
Тілекшің боп әрқашан,
Бір Алладан сұранам.
Қиындықтар болмасын,
Жаратқаным жар болып.
Қасымызда жүр лайым,
Шуақ шашар таң болып.
10) Әпке, сізге мың алғыс!
Қасымыздан табылар,
Әпке сізге мың алғыс.
Бізді ойлап жүресіз,
Болып әпке қорғаныш.
Деніңіз сау, аман боп,
Жүріңізші сіз әпке.
Шын жүректен рахмет,
Айтамыз сізге біз әпке.
Отбасыңыз аман боп,
Күлімдей түс, шаршаман.
Жарқырай түс, жайнай түс,
Тәнті боп әпке барша адам.
11) Мың алғыс саған, жан інім
Қолдау берер қашанда,
Мың алғыс саған жан інім.
Әр жыл сайын, әр көктем,
Аман жүрші, бауырым!
Рахмет саған, мың алғыс,
Алғысым көп айтар мен.
Қуана түс, бақ таба,
Күлкі кетпей жүзіңнен.
Жаратқаным жар болып,
Көңілің шалқып тасысын.
Раббым Алла сыйласын,
Әлемнің бар жақсысын!
12) Рахмет саған, сіңілім!
Табылатын қасымнан,
Рахмет саған, сіңілім.
Мың алғыс саған, көп жаса,
Ұзақ болып ғұмырың.
Жүзіңді мұң шалмасын,
Жаратқаным жар болып.
Жаны нәзік сіңілім,
Жүрші аман, бар болып.
Әр көктемде құлпырып,
Гүлдей жайна сіңілім.
Кірленбесін, лайланып,
Мөлдір таза, тұнығың!
13) Қарындасым, мың алғыс
Тілекші боп жүретін,
Қарындасым, мың алғыс!
Ағасына қашанда,
Жасайтұғын қол қабыс.
Басыңнан бақ таймасын,
Әр күн сайын жайнай түс.
Қарындасым, еркетай,
Бұлбұл құстай сайрай түс.
Рахмет жаным, қарындас,
Алғыс айтам барыңа.
Алғыс айту күнінде,
Рахмет айтам тағы да.
14) Рахмет апа, мың алғыс
Еркелетер біздерді,
Мың алғыс апа, рахмет.
Ортамызда жүрші аман,
Орындалып ақ тілек.
Әрбір көктем сыйласын,
Амандығын әрдайым.
Ортамызда гүл жайнап,
Жүрші апа лайым.
Қуанышың көп болып,
Қайғы-мұңың болмасын.
Рахмет апа, өзіңді,
Жаратқаным қолдасын!
15) Рахмет көке, алғыс көп
Қолдап жүрер біздерді,
Рахмет көке, алғыс көп.
Денің сау боп лайым,
Жүрші аман, уайым жоқ.
Әр көктемге жетіңіз,
Көңілің жайма шуақ боп.
Алғысымыз көп біздің,
Жанар көкем, шырақ боп.
Қуанышың көп болсын,
Мерекеге бастайтын.
Бақ-береке орнасын,
Көңіл-күйді растайтын.
16) Мың алғыс саған, нағашы
Жиендерді қуантар,
Мың алғыс саған нағашы.
Рахмет көп біздерден,
Жол бастайтын нағашы.
Сіздер барда жоқ мұң да,
Нағашылар аман жүр.
Әрбір көктем сыйласын,
Жайма шуақ, жауып нұр.
Аман болып отбасы,
Нағашылар тек алға!
Жиендерден мың алғыс,
Болыңыздар тек алда!
17) Мың алғыс саған, жиендер!
Нағашыға еркелер,
Мың алғыс саған, жиендер!
Бар болыңдар, нар болып,
Амандықта жиендер!
Көңілдерің түспесін,
Жаратқаным жар болып!
Күлімдей түс, жиендер,
Шуақ шашар таң болып!
Рахмет саған, жиендер,
Нағашыдан мың тілек.
Әр істерің оң болып,
Жүріңдер тек дүркіреп!
18) Рахмет саған, құрбыжан!
Сырласып бір болатын,
Рахмет саған құрбыжан!
Алғысым көп өзіңе,
Айтатұғын, құрбыжан!
Қолдап мені жүресің,
Қандай жағдай болмасын.
Рахмет құрбым, мың алғыс,
Жаратқаным қолдасын!
Қуанышың көп болсын,
Шаттықты күн сыйлайтын.
Бақ-береке орнасын,
Көңілді күй жинайтын.
19) Рахмет саған, жан досым!
Рахмет саған, жан досым,
Барыңа сенің қасымда.
Алғысым көп өзіңе,
Жас қосылсын жасыңа!
Қуанышын сыйласын,
Келіп жеткен әр көктем.
Рахмет саған, жан досым,
Достық үнмен тербеткен!
Рахмет саған, жан досым,
Үмітімді ақтадың.
Мың алғыс саған жан досым,
Қиын сәтте сатпадың!