04.02.2023
  6297


Автор: Жібек Ысқақова

1 Наурыз – Алғыс айту күніне арналған өлеңдер жинағы

1) Алғыс айту күнінде


Бірінші наурыз күні бұл,
Ең алғашқы мереке.
Алғыс айту күнінде,
Арта берсін береке.


Алғыс айту күнінде,
Татулықтар орналар.
Ізгі ниет, жүректен,
Алғыс айту жалғанар.


Бірінші күні көктемнің,
Жақсылыққа бастайтын.
Татулықтар көп болсын,
Шаттығыңды растайтын.


2) Наурыз айы келді бұл


Наурыз айы келді бұл,
Бірінші наурыз, мереке.
Алғыс айту күні бұл,
Кіргізетін береке.


Ағайын, бауыр, туыстар,
Алғыс айтар күн осы.
Күтеміз біз расында,
Рахмет айтар күнді осы.


Туатулықты көрсетер,
Ерекше күн қараңыз.
Ынтымақ пен бірлікте,
Жақын болсын арамыз.


3) Мың алғыс саған


Алғыс айту, мың алғыс,
Бірінші наурыз күнінде.
Алғашқы күні наурыздың,
Үн қосады үніме.


Ағаштар шешіп ақ киім,
Тамырлары оянар.
Алғыс айтып адамдар,
Жан дүниесі жайланар.


Араз жандар табысып,
Өткен күнді сараптар.
Татуласар бұл күні,
Ашылып жаңа парақтар.


4) Алғыс айту күнінде


Алғыс айту күнінде,
Сыйластықта жайнайық.
Ынтымақты, бірлікті,
Татулықта жалғайық.


Көңіліміз жанданып,
Әсем әнге салайық.
Алғыс айтып әр үйге,
Сәлемдесіп барайық.


Алғыс айту, разылық,
Ризалықты сезейік.
Адал аппақ ниетпен,
Маржан сөзді терейік.


5) Көктем келді мінеки


Көктем келді мінеки,
Алғыс айту күнімен.
Ұлт аралық татулық,
Жалғасуда үнімен.


Алғыс айту ғанибет,
Ағайын-туыс, достарға.
Бата берер аталар,
Үлгі болып жастарға.


Ақ жаулықты аналар,
Мейіріммен үн қатар.
Асқар таудай әкелер,
Жақсылықты тыңдатар.



6) Бүгінгі күн тамаша


Бүгінгі күн тамаша,
Бірінші наурыз мереке.
Көктемменен бір келіп,
Кіргізер күн береке.


Есін жиып ағаштар,
Бүршік ашар біртіндеп.
Сәлемдесіп адамдар,
Алғыс айтар күлімдеп.


Ризашылық ниетпен,
Алғыс жауар күн осы.
Ұмытпайық ендеше,
Алғыс айту күнді осы.


7) Алғыс айту


Алғыс айту Аллаға,
Рахметті жаудырып.
Сыйластықпен сөйлесу,
Барша жанды таң қылып.


Алғыс айту еліне,
Болсыншы деп ел тыныш.
Алғыс айту жеріне,
Болсыншы деп жер тыныш.


Алғыс айту туысқа,
Жалғансын деп татулық.
Алғыс айту достарға,
Жалғансын деп жақындық.


8) Алғыс деген рахмет


Алғыс деген рахмет,
Сыйластықтың белгісі.
Ынтымақ пен бірлігің,
Татулықтың еңгісі.


Алғыс айту құрметің,
Үлкен менен кішіге.
Бірінші наурыз осы күн,
Шаттық сыйлар жүзіңе.


Алғыс айтсақ жүрекпен,
Тұрақтылық жол ашар.
Сыйластықтар үн қатып,
Жақсылықтап таласар.


9) Жақсылықтың бастауы


Алғыс айту күні бұл,
Жақсылықтың бастауы.
Сәлемдесіп барша жұрт,
Көңілге нұр тастауы.


Бірінші наурыз ерекше,
Алғыспен күн тербейді.
Құлазыған жаныңды,
Маржан сөзбен емдейді.


Алғыс айту — бұл парыз
Ынтымаққа бастайды.
Сыйластықты арқау қып.
Араздықты қоспайды.


10) Жақсы күннің нышаны


Жақсы күннің нышаны,
Алғыс айту жарандар.
Сыйластықтың үнімен,
Баршаңызға салам жар.


Татулықты бұзбайық,
Алғыс айту күнінде.
Жүрейікші лайым,
Алғыс айта күніге.


Ризашылық ниетпен,
Алғыс айтып жүрейік.
Әр көктемді қарсы алып,
Ойнайық та, күлейік.





Комментарии

Тәліп Көркем Ерғалиқызы
Сіз таланттысызгой,. Мен сіздің өлеңдеріңізді көп оқимын

Пікір жазу