04.02.2023
  496


Автор: Алғыс айту күні

Бүгінгі алғыс күнінде

Бүгінгі алғыс күнінде,
Татулықтар көп болсын!
Араз жандар тату боп,
Араздықтар жоқ болсын!
Ағайын, бауыр, туыстар,
Ынтымақта бір болсын!
Адамдығы көп жандар,
Ортамызда көп болсын!
Қулық етер жандар бұл,
Бізден алыс, жоқ болсын!
Еліміз тыныш, жеріміз,
Тыныш болып, бақ қонсын!
Әрбір көктем нұр сыйлап,
Қуанышы көп болсын!
Алғыс айтар адамдар,
Көңілдері тоқ болсын!
Ризалықтар көп болып,
Реніштер ол жоқ болсын!
Жаратқаным жар болып,
Әрбір қадам оң болсын!
Қазақ елі бай болып,
Жорытқанда жол босын!





Пікір жазу