04.02.2023
  389


Автор: Алғыс айту күні

Алғыс айту күнімен

Әр жыл сайын келетін,
Алғыс айту күні бұл!
Бар халық алғыс айтысып,
Жандана берсін ұлы күн!
Қолды жай бата берейін,
Маржан сөзді терейін.
Алғыс айту күнінде,
Батамен бақ боп енейін!
Әрбір адам қуанып,
Жүзінде қайғы болмасын!
Алғыс айту күнінде,
Жадырасын, жайнасын!
Араз жандар тату боп,
Татулық күн жалғасын!
Жаратқаным жар болып,
Бар жақсысын арнасын!
Көңілде қайғы-мұң болмай,
Шаттық тербеп, жайнасвн!
Аман болып отбасы,
Басыңнан бақ таймасын!
Халқымыз тату-тәтті боп,
Көңілде шаттық бойласын!
Әрбір алғыс күнінде,
Халқымыз күліп-ойнасын!





Пікір жазу