04.02.2023
417
Алғыс айту
Көктемнің алғашқы күні,
Құтты болсын, жайғын қол!
Наурыздың бірі мереке,
Болсын лайым ашық жол!
Рахмет айтып адамдар,
Бір-біріңе алғыс ет!
Араз жандар тату боп,
Жаратқаным табыс ет!
Я Раббым, қолдап, қорғай гөр,
Болмасын қайғы-қасырет!
Тілсіз жаудан сақтай гөр,
Келмесін деймін ақырет!
Алғыс айту күнінде,
Жақсылықтар орнасын!
Сыйластықта халықтың,
Ынтымағы жалғансын!
Ризашылық көп болып,
Өкпе-реніш болмасын!
Жаратқанға мың алғыс,
Жақсы күн бізге арнасын!
Ағайындар тату боп,
Абысындар ән жандансын!
Балалар боп, ақыл көп,
Қанаттанып, самғасын!
Қабыл болып ақ батам,
Бар жақсылық орнасын!